Болон үрдісі және
Академиялық ұтқырлық орталығы


М.Әуезов атындағы ОҚМУ Еуропаның көне университеттерінің бірі Пиза университетімен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасты.

Пиза университеті (Universita di Пиза) танымал итальян университеттерінің бірі. Ол Тосканада Пизада орналасқан.  Ол Рим Папасы Клемент  VI үкімімен 1343 жылы 3-ші қыркүйекте құрылған болатын,  Пизада заң бойынша дәрістер 11-ші ғасырдан бастап оқыла  бастады. Университет  Еуропадағы  ең көне(Orto botanico di Pisa) академиялық ботаникалық баққа ие, оның негізі 1544 жылы қаланған болатын. Пиза университеті –  бұл Пизан университеттік жүйенің бөлігі, Scuola Normale Superiore және Әулие Анна мектебімен бірге. Пиза университеті ресми түрде  1343 жылы қаланды, бірақ көптеген ғалымдар оның іргетасының қалануын 11-ші ғасырмен түсіндіреді. Пиза университеті туралы алғашқы дәлелдер 1338 жылмен,яғни әйгілі заңгер  Раньери Арсендинің Пизаға Болоньядан келуімен  түсіндіріледі.

Университеттің ресми сайты http://www.unipi.it/index.php/english